Ойын басталысымен Жерард Нустың шәкірттері допқа иелік етіп, бесінші минутта есеп ашты. Өткір шабуылдың нүктесін Павел Шабалин қойды.

Айта кетейік, Павел Шабалин биылғы чемпионаттағы Премьер-Лига командалары арасында ең бірінші болып мергендік танытты.

Ал, 21-минутта әріптестерінен пас алған Дору Пападок қақпашымен бетпе-бет келіп, павлодарлықтардың екінші голын соқты.

Екінші таймның соңында қонақтар стандартты жағдайды орындаған соң, «Ертіс» өз қақпасына допты өткізіп алды. Қортынды есеп 2:1.

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Жерард Нус ойыннан кейінгі баспасөз жиынында атап өткендей, жігіттер алаңда барын салып қарсыласты.

-Өте ауыр кездесу, көп күш жұмсалды. Команда алаңда барын салып, жақсы еңбек етті деген ойдамын. Чемпионат ұзақ, бұл тек басы ғана. Әлі де еңбектеніп, жеңіске жетуге тырысамыз. Ойынның кей тұстарын әлі де жақсарту қажет. Дегенмен қуантарлық жайттар да көп. Команда жақсы қарсыласты, тез шабуыл ұйымдастырып, голдар соға білді. Ойыннан кейін команда бөлмесіне облыс әкімі келіп, жеңіспен құттықтады және алғыс білдірді.

Келесі матч 17-наурыз күні Орталық стадионда «Ақтөбеге» қарсы өтеді.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс, футбол, Павлодар, Атырау, спорт