Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында обылстық қоғамдық денсаулық сақтау департамент басшысының орынбасары Зәмзагүл Дощанова айтты.

- Былтыр мониторинг нәтижесінде 395 сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдерінің 2 704 аталымы қамтылды. Техникалық регламенттерге сай келмеген 165 сынама анықталды. Облыстың ішкі нарығында регламенті сәйкес келмеген өнімдердің басым бөлігі импортты болып табылады. Біз балалар ойыншықтарын зерттеуге де аса мән береміз. Іріктелген 83 ойыншықтың 28-інде таңбалау бойынша қателік бар. Олар Қытай, Ресей, Беларусь пен Украина елдеріне тиесілі. Өткен жылы павлодарлықтардан 400 шағым түсті. Оның 80 пайызы нақты бұзушылық екені анықталды. Сол себепті кемшілік орын алған сауда нүктелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл саламыз, - деді Зәмзагүл Дощанова.

Айта кетейік, облыстың ішкі нарығы айналымындағы сәйкес келмейтін өнімдер 2016 жылы 16 пайыз болса, 2017 жылы 6,1 пайызға дейін азайған.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам