Қазақстанда көлемі 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер орташа есеппен 10,4 млн теңге тұрады. Егер жас отбасы жаңа баспана үшін 8,32 млн теңге несие алса және жылдық сыйақы мөлшерлемесі негізгі қарыздан шегерілетін болса, онда оларға ай сайын 76,3 мың теңге төлеп отыруы керек болады.

Айта кету керек, ең жоғарғы төлемдер Астана, Алматы мен Атырау облысының үлесінде тұр. Мұнда ай сайынғы төлем 100 мың теңгеге жуықтайды. Ал, Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары төменгі төлемдер жасайтын болады. Мұнда аталған аймақтардағы айсайынғы төлем 40 мың теңгеден аспайды.

Еске сала кетсек, ҚР Парламентінің біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың пәтерге қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы іске қосылатын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: