Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«2017 жылы компанияның жалпы кірісі 49,2 млрд теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда кіріс 18% артты. Еңбек өнімділігі 25 пайызға өсті. Электрондық сауданың және цифрлық технологияның дамуы, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестіктің жоғарылауы поштаның жұмыс істеуін түбегейлі өзгертті. 2017 жылы біз 138 млн газет-журналды жеткіздік. Былтыр 17 миллионнан астам сәлемдеме жеткізілсе, олардың 11 миллионы халықаралық сәлемдемелер. Қазақстан бойынша сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 16 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, сәлемдемелер күнделікті жеткізілетін бағыттардың саны 35- ке дейін өсті. Биыл тағы 15 бағытты қосамыз. Шетелден келетін сәлемдемелердің жеткізілу мерзімі 45 күннен 18 күнге дейін қысқартылды»,-деді Сәкен Сәрсенов.

pavlodarnews.kz

Тэги: