Бұл туралы «ЕЭК» АҚ-ның корпоративтік байланыстар қызметі хабарлады.

Жабдық №7 жетек-таратқыш кіші станцияда орналасқан және кеніштің бар өнеркәсіптік кешенін электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Заманауи трансформатор бос жүріс шығындарын азайтуға және де қолданудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін кәсіпорын 181 млн теңгеге жуық қаржы жұмсады.

Жабдық тендерлік негізде қазақстандық өндіруші – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-нан сатып алынды.

– Күштік трансформаторды ауыстыру кезінде қуат шығынының алдын алуға, шектеуге және де оның ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені қарастырылды. Бұл ретте қуат үнемдеу бойынша іс-шаралар кеніште, әр жеке агрегат немесе қондырғы көлемінде де қолданылды. Осылайша, жабдықты кеніштің жалпы сызбасына қосу сызбалары және олардың бірлескен жұмыс тәртіптері энергияны тиімді пайдалану есебімен әзірленді, -  дейді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің бас энергетигі Ғарифолла Оразбаев.

Жабдық орнатылуы жоғары техникалық-экономикалық және экологиялық көрсеткіштермен, сенімділікпен және жөндеуге жарамдылығымен ерекшеленеді.
Кеніш тұтынушыларын электр қуатымен апатсыз қамтамасыз ету үшін 2018 жылы осы кіші станцияда кеншілер тағы бір ескірген трансформаторды жаңа ТДТН-40000 110 кВ ауыстыруды жоспарлап жатқанын айта кеткен жөн.

Естеріңізге салсақ, жуырда «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде тау-кен көлік жабдықтарының сенімді және қауіпсіз пайдалануын жоғарылататын жаңа таратқыш қосын енгізілген болатын. Жабдықтың басты міндеті – тау-кен көлік жабдықтарының энерготиімділігін және ақау пайда болған жағдайда  жөндеу, теміржол тұйықтарын ұзарту үшін жоспарланған сөндіру кезінде түйіспелі желінің селективті өшірілуінің энерготиімділігін жоғарылату.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика