Білім ордасында жүлдегер мен жеңімпаз студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында ПМПУ-дың ректоры Алтынбек Нұхұлы атап өткендей, жарыста жеңіске жеткен студенттер мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы беріледі.

- Шын жүректен сіздерді құттықтаймын. Біз жуырда ғана университет статусын алып, ең жас университет ретінде алғашқы ірі жеңіске жетіп отырмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында өткен байрақты бәсеке Павлодар облысының мерейтойымен қатар келді. Жақсылықтың соңынан жақсылық ілесе берсін. Биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз, - деді Алтынбек Нұхұлы.

- Біздің студенттер 31 медаль еншіледі, оның ішінде 11-і алтын, 9-ы күміс және 11-і қола, - дейді ПМПУ оқу және әдістемелік жұмысының проекторы Қайрат Текжанов. – Бұл өте үлкен жетістік. Биыл облысымыздың 80 жылдық мерейтойы. Сондықтан осы жеңісімізді туған жерімізге, елімізге арнаймыз.

Еске салайық, VII қысқы Универсиада Павлодарда 2-11 наурыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның 38 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы қатысты. Бұл соңғы алты Универсиада жарыстарында болмаған рекордтық көрсеткіш.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, Спорт