Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппаратық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Қанат Шәбенов айтты.

- 2018 жылдың басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (19 атау) бағасының индексі – 100,5 %-ды құрады, - деді Қанат Шәбенов.  -  (Республика деңгейінде – 100,5 %). Шикізат бағасының өсімі қаңтарда сүт өнімінің инфляциясына (103,4 %) көп әсер тигізді. Қайта өндірушілер («Best milk» ЖШС, «Павлодармолоко» АҚ, «Качирский Молзавод» ЖШС, «МолКом» ЖШС) пастерленген сүтке 101,8 %, айранға 101,2 %, ірімшікке 103,0 % және сары майға 101,4 % бағаны көтерді. Сонымен қатар  сүт өнімінің бағасы орташа республикалық бағалардан төмен болып  сақталды.  

Спикердің айтуынша, «Сентрал Азия Трейд» ЖШС қант орталығының ірі көтерме сатушылары – дилерлері босату бағаларын 109 %-ға (195-тен 180 тг/кг) көтерген. Бөлшек саудада бағаның едәуір өсімін алдын алу мақсатында басқарма Павлодар қаласы әкімдігімен бірлесіп, профилактикалық жұмыс және сауда субъектілерімен қант бағасын ұстау, тұрақтандыру қорынан интервенция бойынша қатаң шаралар қабылдау мүмкіндігі жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Бұл 109 % өсімді болдырмаудың тежеуші факторы болып табылады. Нәтижесінде өсім 103,7 % деңгейінде сақталған (өсім 181-ден 186 тг/кг құрады).

Сүт өнімі (пастерленген сүт 101,8 %, айран 101,2 %, ірімшік 103,0 % және сары май 101,4 %-ға) қымбаттаған. Бағаны көтерген ірі ауылшаруашылық қайта өндешілердің бірі – «МолКом» ЖШС. Осыған байланысты ақпан айында сүт өніміне қаңтар айына қарағанда инфляцияны төмендету мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасы  маусымдық  кезеңге дейін бағаны кенеттен көтеруді болдырмау туралы «ФудМастерТрейд» ЖШС және  тағы басқа өндірушілермен  келіссөзге қол жеткізген.

-  Картоп бағасының өсімі 2,1 %-ға артып,  (94-тен 96 теңге/кг) құрады, - деді Қанат Шәбенов. -  Көкөніс нарығында бағаны тұрақтандыру үшін Павлодар қаласы  ішкі нарығын меморандум бойынша  келісі 95 теңге  тұратын картоппен толықтыру жұмысы жалғастырылуда.  Ақпандағы жағдай бойынша іріктелген «әлеуметтік» картоптың көлемі барлығы – 187,4 тоннаны, айына – 40,4 тоннаны құрады. Картопты жеткізу  қаладағы 25 сауда нүктесіне ұсынылатын баға бойынша жүзеге асырылады. Қаңтар айында келісі 85 теңге болса, ақпанда  95 теңгені құрады.

Облыс әкімі Болат Бақауов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен меморандум аясында сапасыз картоп сатуды  бақылау қалай жүезе асырылып жатқаны жөнінде сұрады.

- Ақпан айында шынымен де бүлінген картоптар сатылған, - дейді Қанат Шәбенов. – Сапасыз өнімінің жартысы  кері қайтарылды. Осы айдан бастап қала  мен аудан басшылары жіберілетін өнімнің әр партиясын  тікелей бақылауға алады.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика, сүти өнімдері