Плей-офф сериясы төрт жеңіске дейін жалғасты.

«Арланның» айдынында өткен алғашқы екі ойында қарсыластар басым түсті – 7:3, 1:0.
Павлодардағы тартыста «Ертіс» екі кездесудің бірінде жеңіске жете алды – 1:2, 3:1 (ОТ).

Үш рет мерейі үстем болған арландықтар Көкшетаудағы ойында жеңіске жетсе, келесі кезеңге өту мүмкіндігіне жақын тұрды.

Сырт айдындағы шайқастың бірінші күні Томаш Вактың шәкірттері овер-таймда басымдылыққа ие болды.
Кеше павлодарлықтар сәтті ойынын қайталай алмады. Екі рет мергендік танытқан жерлестеріміз алты рет өз қақпасына шайба өткізіп алды.

Осылайша, алты ойын нәтижесінде 4:2 есебімен «Арлан» жартылай финалға өтті. «Ертіс» үшін биылғы маусым осымен аяқталды.

- Ең әуелі жігіттерге алғысымды білдіремін, олар соңына дейін күресті, барын салды. Екіншіден, клуб басшылығы, жанкүйерлер мен хоккейшілер алдында кешірім сұраймын. Мен жақсы бапкер бола алмадым, командамен жақсы нәтижеге жете алмадым. Дегенмен, барлық ойындар маған ұнады. Қарсыластарды жеңісімен құттықтаймын, сәттілік тілеймін, - деді «Ертіс» хоккей клубының бас бапкері Томаш Вак ойыннан кейінгі баспасөз жиынында.

Абзал Қабдраш
Суреттер «Арлан» ХК баспасөз қызметінен алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, хоккей, спорт