Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасқайрат Қайыров айтты.

- Биыл ауылдық аймақтарда квадрокоптерлер қолдану жоспарланып отыр, - дейді Жасқайрат Қайыров. –  Ұшатын аппарат жоғалған малды іздеуге, қарақшылардың ізін кесуге, су тасқынын бақылауға және бұқаралық шараларды ұйымдастыруға көмектеседі.

Бұдан басқа,  тәртіп сақшылары табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері үшін қар кешкіш  пен катер сатып алмақ. Жаңа техника  қоғамдық тәртіпті сақтау,  қылмыстың алдын алу және табиғатты қорғау ережелерін бұзуға  жол бермеу мақсатында қолданылады.

Тәртіп сақшылары облыстық ТЖД-мен  Ертіс алқабында азаматтарды құтқару  мақсатында меморандумға қол қойған.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, жергілікті полиция қызметі, Павлодар