Бұл туралы агенттікке аудандық спорт бөлімінің әдіскері Талғат Жаров айтты.

- Шарбақты ауданының Шалдай ауылында аудан әкімі Балғабай Ыбыраевтың қатысуымен туристік маусымының салтанатты ашылуы өтті, - деді Талғат Жаров. – 10-наурыз күні жылқыға отырған 22 адам 85 шақырым қашықтықты басып өткен. Оған Шегірен, Александровка және Галкин ауылдарынан жылқы туризмнің әуесқойлары қатысып, Есілбай – Шалдай - Уақыт Хазірет кесенесі - Есілбай бағытында жүрген.

Маманның айтуынша, шаңғы марафонына 18 жастан асқан 90 тұрғын қатысады. Олар келесі бағытта кесіп өтеді: Шалдай – Шегірен – Галкин – Александровка – Алексеевка – Шарбақты – Жылыбұлақ – Хмельницкий – Орловка – Сосновка - Красиловка ауылдары. Ауданның 90 жылдығына арналған шара 21-наурызда аяқталады.

 

Оразбек Саяхат
Суреттер Шарбақты ауданы әкімдігінің ресми сайтынан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Шарбақты ауданы 90 жыл, рухани