Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кәсіпорындардың экологиялық саясаты және табиғатты қорғау шараларының жоспары» атты баспасөз жиыны барысында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Президенті Валерий Гриненко мәлім етті.

- Біз №2 күл үйіндісін толығымен жасырдық, енді күл желге ұшпайды, - деді Валерий Гриненко. - Былтырғы жылдың соңында №2 Ақсу электростанциясының 2016 жылы іске қосылған күл және шлак қалдықтары орнының екінші секциясын техникалық қалпына келтіру кезеңдерінің бірі аяқталды. Жалпы аумағы 231,7 Га болатын секцияның бетін 20 сантиметрлік топырақпен жабу үшін топырақтың 463 390 текше метрі қажет етілді. Аталмыш жердің бірінші секциясын қалпына келтіру 2018 жылдың ІІ-ші жартысына жоспарланған. Осылайша, күл қалдықтары жиналатын орындағы шаңдану мәселесі шешімін табады.

«ЕЭК» АҚ Президенті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы қайта жөндеу жұмыстарынан соң №5-ші энергоблокті іске қосу жоспарланған. Жалпы құны 52,3 млрд. теңге болатын жобаны жүзеге асыру бұл блоктан атмосфераға тасталатын зиянды заттарды бір жылда 60%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аймақтағы экологиялық жағдайға кері әсерді жою мақсатында толыққанды жұмыстар атқарылуда.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, күл үйіндісі