Аталмыш ауқымды шара 2018 жылдың 16-наурызында Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша Инновациялық Еуразия университетінің бас ғимаратында өтеді. Басталуы: сағат 09.00-де.

Форум жұмысына белгілі қазақстандық және ресейлік IT-компаниялар - НП «ИТ-кластер Сибири», «КазРоботикс» спорттық және білім беру робот техникасының Қазақстандық Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ IT, «Казахстанская ассоциация IT-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, Technology Innovation Solution, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын құрастырушы және т.б., сонымен қатар компьютерлік техника шығару бойынша әлемдік көшбасшылар: «Huawei Technologies Kazakhstan», «Siemens» , «Xiaomi», «Hewlett Packard» қатысады.

- IT-технологиялар, робот техникасы саласындағы жетекші мамандар, қала және облыс басшылығы, банктер мен ауқымды сауда желілерінің өкілдері форумның спикерлері болады. Модераторлары - белгілі қазақстандық журналистер. Форум IT-технологияларды дамыту саласындағы ең өзекті «Smart city», мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету, халыққа арналған банктік цифрлық қызметтер, Cabinet.Salyk.kz порталы қызметтерінің спекторы туралы, «Цифрлық инфрақұрылымға арналған Smart blockchain жүйесі», IT саласында кадрларды даярлау проблемалары туралы, «Цифрлық экономикаға арналған ауысым» тақырыптарын талқылауға арналған алаң болмақ, - деді ИнЕУ-дің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ форум аясында Павлодар облысының мектеп оқушылары арасында робот техникасы бойынша жарыс өтеді.

Дәстүр бойынша форум мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасындағы ІТ-жобалар конкурсының, информатикадан пәндік интернет-олимпиаданың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен басталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: ІТ-форум, Павлодар, қоғам