Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы көп балалы аналар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Бүгінде өңірде көп балалы аналар саны 98 600-ден асты. Оның 3 998-і «Батыр аналар», ал 16 361-і «Алтын алқа» белгісінің иегері болса, 42 724-і «Күміс алқа» таққан. Бұдан бөлек, облыста 6 906 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.

Өңірде ана мен бала өлімі азайып, демографиялық ахуал жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2017 жылы ана өлімінің көрсеткіші 14,4 пайызға төмендесе, нәресте өлімі 3,4 пайызға кеміген.

Айта кетейік, жыл сайын 80 мыңға жуық немесе елдегі әрбір бесінші сәби Оңтүстік өңірінде дүниеге келеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: