Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады.

«Хабар» Агенттігі АҚ серіктестігі жанындағы АЮ «Синема» қазақстандық кинокомпаниясымен ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысы бойынша 2017-2019 жылдарға арналған ҚР Ұлттық гвардиясының арнайы бейне бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың аяғында «Алтыншы пост» атауымен толық метражды көркем фильм және сериал түсірілді.

- Фильмнің сценарийі шын оқиғаға негізделген. Сюжет 2010 жылдың 22- маусымында Ақтау қаласының түзету мекемесінің қатаң тәртіптегі колониясынан қаруланып қашқан жиырма тұтқынға қарсы тұрған Ұлттық гвардияның мерзімді әскери қызметкері қатардағы Ербол Отарбаевтың қайсар әрекетіне негізделген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жауынгерлік қызмет кезіндегі ержүректігі мен қаһармандығы үшін Ербол Отарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, - дейді басқарма мамандары.

Фильмнің мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Осы жоба радикалды дәстүрлі емес діни ағымдармен күресте қарсы насихаттың әрекет құралы бола отырып, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, қоғам