Бұл туралы агенттікке  жеңімпаздың ұстазы Жеңісбек Пәзіл айтты.

-  Аталмыш байқауға  Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінен жас ерекшеліктері әртүрлі 30  оқушы қатысқан, - дейді Жеңісбек Пәзіл. –  Раушанға «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ  шығармашылығы әлем  орталығының Бірккен Араб Әмірліктерінің атынан арнайы кубок пен медаль, қымбат сыйлықтар  табыс етілді. Бұған дейін ол Семей қаласында желтоқсан айында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Тәуелсіздік тірегім, теберігім» атты оқушылар мен жасөсіпірімдер халықаралық  фестивалінде Тәуелсіздікке арнап шығарған «Азаттығым» өлеңімен Дубай қаласына  жолдама жеңіп алған.

Жетекшісінің айтуынша, мәнерлеп оқу бойынша сахнада өзін еркін ұстай білген оқушының  ақындық талантын қазылар  алқасы жоғары бағалаған.  

Ол   2014 жылдан бастап Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің ақындар сыныбында білім алады.

2016 жылы ақындық ұшқыр ойынан шыққан нәзік те, сыршыл жырларын топтастырған «Жыр боп кеткім келеді...» атты алғашқы  жыр жинағын шығарған.

Жас өрен үнемі республикалық, облыстық, аудандық мүшәйралар мен ақындар айтысына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде.  

Ақбота Сейсенбаева




pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім