Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі хабарлады.

«Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» сайысының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау рәсімі мен жеңімпаздар жұмыстары енгізілген альбомның тұсаукесері  Атлант мұхитының жағалауында орналасқан (Марокко патшалығының солтүстік бөлігі) Марокконың астанасы Рабат қаласында өтті. Оған қатысқан 100-ден аса адамның ішінде әртүрлі Ислам елдерінің білім министрлері бар.


 
-  Шығыс экзотикасы мен құпиялы жұмбақ әлеміне өзімнің әжем Ботагөзбен бірге алыс саяхатқа  барып келдім, - дейді Карина Төлегенова. - Бастапқыда  испан және француз, ағылшын тілдерінде ең қажетті сөздер жазылған қысқа карточка-сөздігін таратып берді. Соңынан байқаудың барлық жеңімпаздары үлкен залдың ортасына шығып,  сый-құрметке бөленді  және дипломдар мен кітап-каталогтары тапсырылды.  

Жеңімпаздардың киген жеңіл жейделерінде сайыстың логотипі ретінде Каринаның «Жібек жолы» суреті бейнеленген.

Ресми бөлімнің соңында қатысушылары мен қонақтарға Андал бағы мен Дараль-Махзен корольдік сарайы,  Воскресения Христова шіркеуі бар, үлкен мешіт және Марокко өнер мұражайы сондай-ақ көптеген сәулетті ескерткіштер шоғырланған ескі Рабат қаласы ішіне саяхат ұйымдастырылған.  

Еске сала кетейік,  «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» альбом-каталогының тысын рәсімдеу үшін халықаралық қазылар алқасының шешімімен павлодарлық оқушының «Жібек жолы» жұмысы таңдап алынған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім