Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Колядин PyeongChang2018 ойындарында 15 км қашықтықтағы спринтте ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Ол финалдық бәсекедегі мәреге 4:19.7 минутта жетті.

4:20.5 минут уақыт көрсеткішімен жапониялық параатлет Yoshihiro NITTA екінші орын алды. Ал, Канаданың спортшысы Mark ARENDZ 4:20.8 минутта келіп, қола медаль алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт