Бұл туралы аймақ басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалық етуімен өткен  облыстық мәлихаттың кезекті сессиясында  өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев айтты.

- Өңір тұрғындарының салауатты өмір салтымен айналысуын қолдау үшін бюджеттен 529  миллион теңге жоспарланып отыр, - деді Ұлан Жазылбек. –  Облыс орталығындағы бес мектепте толық өлшемді футбол алаңдарын және жүгіру жолдарын күрдері жөндеуге 298,7 миллион теңге бөлінген.

Бұдан басқа,  80 млн теңгеге Ертіс ауданындағы стадион қайта қалыпқа келтіріліп, футбол алаңы мен жүгіру жолы орнатылады.

Павлодарское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Биылғы жылдың шығыстары 50  млн теңгені құрайды.

Облыстық ішкі істер департаментінің «Динамо» спорт кешенінде 100 млн теңгеге күрделі жөндеудің бірінші кезеңі басталады.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім, спорт