Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Бүгін ел қоржынына қысқы Параолимпиада тарихындағы алғашқы алтын медаль бұйырған болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді.
Ал әзірге медальдар көрсеткіші бойынша АҚШ 8 алтын, 6 күміс, 6 қола медальмен көш бастап келеді. Ал Ресей құрамасы 6 алтын, 6 күміс, 4 қола медальмен екінші орында келе жатса, үздік үштікті Украина спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицке қола медальға сынық сүйем жетпей қалған болатын. Ол мәре сызығын жүлдегерлерден 43 секунд кейін басып өтіп, 4-ші орынға ие болды.

Фото: spv.sk

pavlodarnews.kz

Тэги: