Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субъектілері республикалық ассоциациясының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің айтуына қарағанда 5 жылда жеткен жетістік аз емес.

«Ең бастысы біз осы салаға қатысты заң жобасын дайындадық. Сонымен бірге бұған дейін қабылданған заңдарды жетілдіруге жұмыс істедік. Одан бөлек, бұған дейін аңшылар, құсбегілер аңды аулаумен, оны атып алып, қанжығасына байланумен айналысса, біз олардың тұқымын көбейтумен айналыса бастадық. Өз қолымызбен өсіріп, өз бетімен тамақ тауып жей алатындай болған кезде оларды табиғи ортаға жіберуді қолға алып келеміз. Яғни санын көбейту. Бұл аңшылықты ермек ететіндер үшін емес, керісінше соны кәсіп ретінде өз нанын тауып жеп отырғандарға үлкен мүмкіндік» - дейді Оралбай Әбдікәрімов.

Аңшылықты дамытып, шағын бизнес ретінде жетілдіре түсуді қолға алып, «Қансонар» аңшылық бірлестігінің құрамында бүгінгі таңда 700-ге жуық шаруашылық бар.

«Біздің тағы бір жетістігіміз аңшылық саласын модернизациялаудан өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Қазіргі таңда еліміз бойынша тіркелген 700-ден астам аңшылық шаруашылығы бар. Біз солардың барлығына тегін кеңестер беріп, жылына 4-5 мыңдай аңшы дайындаймыз. Оларға бізде оқыды деген арнайы сертификат береміз» - дейді төраға.

Оралбай Әбдікәрімовтің айтуына қарағанда «Қансонар» аңшылық бірлестігі аңдарды көбейтумен қатар аңшы иттердің жетілуіне, олардың сақталуына, дәріптелуіне, тұқымын асылдандыруға да үлкен жұмыс атқарып келеді.

«Біздің тағы бір бағытымыз қазақтың тазы иттерін насихаттап, оның санын көбейту. Тазымен бірге төбет иттерді өсіру, олардың тұқымын асылдандыру мәселесін де үнемі назарда ұстап келеміз» - дейді Оралбай Әбдікәрімов.

Конперенцияға еліміздің барлық өңірінен бірлестік филиалдарының өкілдері келді. Оларға бірлестіктің мерейтойлық кәдесыйлары мен төсбелгілері таратылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: