Соған байланысты атмосфералық фронттар әлі де орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қар басым болатын жауын-шашын, ал оңтүстікте соңы ылғалды қарға айналатын жаңбыр болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz Қазгидромедке сілтеме жасап.

16 наурызда солтүстік өңірлерде, 17-наурызда оңтүстікте жауын-шашын тоқтайды деп болжанады. Дегенмен шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш тәулікке созылады.

Батыс облыстарда антициклонның шығысқа жылжуына орай жауын-шашын болып, күн жылынуы мүмкін. Егер өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20...28° дейін болса да, 16-наурызда 5-10 дейін аяз түсіп, кей жерлерде 0°С дейін жетеді.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: