Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан   Дүйсенбинов айтты.

-  Бүгінгі таңда жекешелендіруге тапсырылмаған  «Толқын» бассейні қалды, - дейді Нұрлан   Дүйсенбинов.  - Бұл нысан бойынша үш рет  сату жөнінде хабарландыру берілген. Дегенмен сатып алуға ниет білдірген адам табылмады. Павлодар қаласы әкімдігімен бассейнді тарату жөнінде шешім қабылданды және алдағы уақытта  қаланың коммуналдық меншігінде қалады.

 Спикердің айтуынша, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бастапқы құны 662 млн теңгені құраған. Кейін бұл баға екі мәрте 50 пайыздан төмендеген.
Былтырғы жылы  бассейінді электронды тендерде жеке тұлға сатып алған кезде экономикалық соттың шешімімен сату бойынша заң бұзушылықтар орын алғаны анықталған. 

Еске сала кетейік, аумағы  9420 шаршы метрді құрайтын «Толқын»  кешені 1984 жылы Павлодар химиялық зауытында салынған. 1987 жылы қаланың балансына  тапсырылған. Биылғы жылдың наурыз айында электронды аукционда бағалау  құны 606,2 млн теңгені құрайтын мүліктік кешен 22,7 млн теңгеге сатылған. Дегенмен прокурорлық тексеріс нәтижесінде заң бұзушылық анықталып, сауда нәтижесін  жою туралы  шешім енгізілген.
 
Ақбота Сейсенбаева
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика, қоғам