ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз жұма намазында Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде болып, «Әдет-ғұрыптың шариғаттағы орны» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағызддан кейін мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, жаңа қызметте табыс тіледі.

-  Жолдас Қоспақұлы – елімізге танымал білімді дінтанушылардың бірі әрі өз облыстарыңыздан шыққан азамат. Қызмет жолын сонау 2004 жылы осы мешіттің наиб имамы болып бастаған, осында өкіл имамдық қызмет те атқарған. Көптеген жауапты қызметтерде болды. Ғылым жолындағы, діни қызмет саласындағы мол тәжірибесі мен іскерлігін енді өз елінің руханиятын әрі қарай жетілдіруге жұмсайды деп сенемін. Алдағы атқарар абыройлы қызметіне сәттілік тілеймін, - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы уақытқа дейін өкіл имам қызметін атқарған Нариман Исеновты арнайы алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жапты. Нариман Ермекұлын алда Бас мүфтидің бұйрығымен Астана қаласының орталық мешіті бас имамының орынбасары етіп тағайындап, өзімен бірге қызметте болатынын айтты.

- Сіз Павлодар облысына көп жылдан бері елеулі еңбек етіп келе жатқан танымал діни тұлғалардың бірісіз. Имамдық қызметін атқарып тұрған уақытыңызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына сүбелі үлес қостыңыз, діни саладағы қажырлы еңбегіңіз бен ізгі істеріңіз үшін өзімнің және Діни басқарма ұжымы атынан Сізге айрықша алғысымды білдіремін!», – деп атап өтті.

Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, 1975 жылы туған.
2003 жылы Мысыр Республикасы, Каир қаласы, Ал-азһар ислам университетін бітірген.
2016 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистранты бітірген.
2017 жылдан бастап Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Phd докторанты.
2004-2009 ж.ж Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы.
2009–2011 ж.ж ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы және «Әбу Бакр Сыддық». медресесінің директоры.
2012-2014 ж.ж С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіндегі «Этнос және конфессияаралық үрдістер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында кіші ғылыми қызметкер.
2013-2017 ж.ж қосалқы түрде Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық талдау және дамыту» орталығында теолог.
2013-2017 ж.ж ҚМДБ-ның филалы Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы.
2017 жылы қырқүйек айынан бастап Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы.
Орыс, араб, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді, ағылшын, тәжік тілдерін де меңгерген. Үйленген, екі ұлы мен екі қызы бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім