Аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Асылбек Резуановтың айтуынша, Руслан Уәлитов Кеңтүбек ауылдық округінде спорт әдіскері болып жұмыс істейді. 42 жастағы жеңімпаз 10 жыл бойы армрестлингпен айналысады.

- Гір спорты мен армрестлингтен Қазақстан чемпионаты Талдықорған қаласында өтті, - дейді Асылбек Резуанов. - Оған 600-ден астам адам қатысты. Руслан қатысқан спорт түрінен 400-ге тарта үміткер күш сынасты. 90 келі салмақта біздің жерлесіміз осыған дейін бес дүркін облыс чемпионы атанып, төрт рет ел біріншілігінде топ жарды және Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Талдықорғандағы жеңісінен кейін ол тағы да байрақты бәсекеде бақ сынайтын мүмкіндікке ие болды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 15-сәуір күні Бурабайда басталады. Ал, әлем чемпионаты Түркияның Анталия қаласында қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Спорт