Республиканың оңтүстік бөлігінде ғана тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Жекелеген аудандарда күндіз көктайғақ болып, боран соғады. Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстарында түнде, таң ата және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының бірқатар аумақтарына тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Қостанай облысының жекелеген аймақтарында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болып, түнде тұман түседі. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: