Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындар одағында мәлімдегендей, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында жеңіл автокөліктер өндірісі 2 есе өсіп, 4 124 бірлікке жеткен. Автомобиль техникасын шығару (28 бірл.) есепті кезеңнің қорытындысы бойынша бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 55,6% асып түскен. Жүк автокөліктерін шығару (83 бірл.) 23,9% артқан. Ал арнайы техника шығару 3-тен 15 бірлікке дейін өскен. 2018 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конфейерлерінен 2 172 бірлік автокөлік құралы сатылымға кеткен. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 37,4% артық.

Қыстың соңғы екі айының қорытындысы бойынша қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің ішінде мына бес бренд үлкен сұранысқа ие болған, олар: Lada (1 647 бірл.), Hyundai (614 бірл.), KIA (308 бірл.), Ravon (176 бірл.) және JAC (140 бірл.). Отандық кәсіпорындармен ұсынылатын маркалар тізімінде Chevrolet (111 бірл.), Skoda (44 бірл.), Peugeot (30 бірл.) және SsangYong (2 бірл.) бар.

Жергілікті өндірістегі жеңіл автокөліктер рейтингін Lada брендінің үлгілері басқарып тұр: Lada 4x4 (502 бірл.) және Lada Granta (460 бірл.). Қазақстандықтар үшін үлкен танымалдылыққа ие көліктер қатарына Hyundai Tucson (295 бірл.), Lada Largus (249 бірл.), Lada Vesta (235 бірл.), KIA Sportage (195 бірл.), Ravon Nexia (176 бірл.), Hyundai Elantra (146 бірл.), Lada XRAY (146 бірл.), JAC S3 (102 бірл.) Chevrolet Niva (84 бірл.) те кірді.

Қаңтар-ақпан айларына 155 автокөлік жеңілдікті автонесие мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары сатып алған. Бұл жергілікті өндірістегі жеңіл автокөліктер сатылымының 4,7%-ын құрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: