Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ru.sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда мектепте информатика пәнін бірінші сыныптан бастап оқытуды қолға алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы құрамындағы елдер программалау негіздерін бірінші сыныптан бастап оқытуға көшіп жатыр. Ал Қазақстанда бұл пән бесінші сыныптан бастап оқытылады. Осы оқу жылынан бастап инфографика пәні үшінші сыныптан бастап оқытыла бастайды.

«Бұл пәнді бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен тығыз байланысты жұмыс істеп жатырмыз. Қазір жоба жасалуда, ары қарай кең көлемде талқыланады», - дейді Сағадиев.

pavlodarnews.kz

Тэги: