Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Тапсырғысы келгендер ағылшын тілін таңдай алады. Ешкімді мәжбүрлемейміз, әр адам тест тапсыру үшін өз тілін таңдайды", - деді министр Мәжілістегі үкімет сағатының үзілісінде.
Министр тесттегі сұрақтардың барлығы қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқаларындағымен сәйкес келетінін нақтылады.

Еске салайық, биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған. 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда, тапсырушылар ыңғайы үшін аздаған өзгерістер енгізілді. ҰБТ үш міндетті және екі таңдаулы пәннен тұрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: