Аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплингтен облыстық федерациясының президенті Алтынбек Рщанов аталмыш жарыс Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылғанын атап өтті.

- Сондай-ақ, бұл турнир 8-сәуір күні Қарағандыда ҚР чемпионатына іріктеуі болып табылады, - дейді Алтынбек Рщанов. – Павлодардағы сайысқа 10 командадан әр салмақ дәрежесінде 100-ден астам спортшы қатысты. Жекпе-жектер жоғары деңгейде өтті, жарақат алғандар жоқ. 40-қа тарта спортшы іріктеуден өтіп, республикалық чемпионатқа жолдама алды. Бірақ жарысқа өз есебімізден баратын болғандықтан, Қарағандыдағы турнирде павлодарлықтардың саны аз болуы мүмкін. Дегенмен, сәтті өнер көрсететінімізге сенімдімін. Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін.

Айта кетейік, облыстық чемпионат нәтижесінде жалпыкомандалық есепте «Абылай» спорт клубы бірінші орын иеленді. Ақсу қаласының БЖСМ екінші орынға лайық болса, үздік үштікті «Ахмат» КСП қортындылады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Абылай, спорт