Бұл туралы өңірлік коммуикациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Расул Оразғұлов мәлім етті.

- Біз қағаз құжат айналымын қысқарту бойынша жұмыс жасап отырмыз, ол үшін облыстың мемлекеттік органдарында технологиялық инфрақұрылым – Мемлекеттік мекемелердің бірыңғай мультисервистік ортасы қызмет көрсетеді. Оның тұғырнамасындағы 136 жергілікті атқарушы органда екі мыңнан астам желілік ақпараттық жүйелер қолданылады. Бұл бүгінгі күні заманауи ақпараттық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша басқа облыстар арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің есептерін цифраландыру сервисін әзірледік. Осы сервистің көмегімен мемлекеттік органдардың өзге есептерін де цифраландыру жоспарлануда, - дейді Расул Оразғұлов.

Аппарат басшысының айтуынша, бүгінгі күні облысымыздың жергілікті атқарушы органдары реестр бойынша 191 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 82 қызметі баламалы түрде - электрондық/қағаз, электронды түрде - төрт және қағаз түрінде 105 қызмет көрсетіледі.

Облыс бойынша электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі 38%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25 есе өсті. Ағымдағы жылы 70% болады деп күтілуде.

Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу бойынша 31 бұзушылық айқындалды. Оның ішінде облыстық басқармаларда – 21, қала мен аудандарда – 10 бұзушылық тіркелген.
2016 жылға қарағанда бұл статистика облыс бойынша 44%-ға төмендеген.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: