«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, байқауға еліміздің 14 аймағынан 19 команда құрамында 780 оқушы қатысқан. Оның ішінде 81-і айтулы халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері.

- Сайыста Павлодар облысының намысын қорғаған команда І орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2018» атағына ие болды. Сонымен қатар облыстық олимпиаданың 46 жеңімпазының ішінен 25 оқушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына орай грамоталармен марапатталды, - деді орталықта.

Математика пәнінен кезекті рет жеңімпаз атанған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир тек бір оқу жылында қоржынын халықаралық олимпиадалардың 2 алтын және 1 күміс медалімен толықтырған. Сондай-ақ ол Қазақстан-Британдық техникалық университетінің грантымен марапатталды.

Қажырлы да қызықты күрес барысында физика және химия пәндерінен алтын медальдарды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 және 9-сынып оқушылары Антон Драганчук пен Владислав  Черданцев жеңіп алды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам