Бұл туралы агенттікке биология ғылымдарының кандидаты, профессор Қалия Жұмабекова айтты.

- Ұлыстың ұлы күні өнім жеті түрлі дәмнен: сүт, су, түз, арпа, ет,  құрт және мейізден тұратын наурыз көже ретінде ұсынылады, - дейді Қалия Жұмабекова. - Алайда алдағы уақытта күріш пен арпа қосылған түрі жасалады. Жарамдылық мерзімі сыйымдылығы 0,75 литрлік шөлмектердің сыртында көрсетіледі. Бүгін шай саңырауқұлағын өндіретін цех ашылып отыр. Ал, көжені шығаруға арналған орын жеке орналасады.

Кәсіпкердің айтуынша, ұлттық сусынды павлодарлық «Крендель» сауда желісінен сатып алуға болады. Болашақта тапсырысқа байланысты өндіріс көлемі де артуы мүмкін.

- Көжеге үйдің сүтін қайнатып қосамыз. Айранды сатып алмаймыз. Барлығы үй жағдайында дайындалады. «Алтын батыр» сусынының бостылатын бағасы 220 теңге болса, көже 400 теңге көлемінде сатылады. Себебі, оның құрамына қазы мен ет, сорпа қосылады, - дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, кардиология институты құрамында антибиотик заттары бар шай саңырауқұлағын иммунитетті арттыру және түрлі аурулардың алдын алу мақсатында тұтынуға ұсынады. Ал, күріштен, жармадан, бұршақтан, арпадан жасалатын көже ежелден бойға қуат беретін әрі шөл қандыратын сусын ретінде  белгілі. 


Ақбота Сейсенбаева
Суреттерді түсірген Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам