Қызметкерлер балалар тұратын корпустарды көрсетіп,  жасалған жағдаймен таныстырды. Өңірдің бас ұстазы отбасы үлгісіндегі бірнеше үйлерді көріп, балалармен таңғы ас ішті.  

Кездесу барысында Дінислам Болатханұлы  жас өрендерге жақсы оқу, спортпен айналысу және тілдерді үйренудің маңыздылығын түсіндірді.

- Мемлекет білім алу үшін барлық жағдайды жасайды. Әр адам осы мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Әрқашан жақсы білім алуға талпыныңыздар. Себебі, білім - өмірдегі ешкім тартып ала алмайтын капитал. Білім бүкіл армандарға қол жеткізеді, - деді ол.

Бас педагог балалармен адам өміріндегі маңызды қадам - болашақ мамандықты таңдау туралы пікірлесті. Колледж студенттері мен жоғары сыныптың оқушылары өздері таңдаған мамандықтары туралы баяндап, оқудағы, спорттағы және мектептің қоғамдық өміріндегі жетістіктері туралы айтты.

 Кездесудің соңында басқарма басшысы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз балалар тұратын үйде өткізілетін тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттілігін атап өтіп, алдағы уақытта жиі келіп тұруға уәде берді.

- Егер педагог өз ісіне жанын салмаса, балалар үйіндегі жасалатын барлық жайлы жағдайлар түкке тұрмайды. Баланы тек қана төзімділік, түсіністік және  мейіріммен ғана  тәрбиелеуге болады, - деп атап өтті.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам