Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

- Елорданың мерейтойына орай өңірде бірқатар ауқымды шаралар өтеді, - дейді Ардақ Райымбеков. - Солардың бірі - маусым айында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық музей қорынан «Алтын адам және алтын бұйымдар коллекциясы» көрмесін ұйымдастыру. Сондай-ақ, Астана опера театры Жорж Бизенің «Кармен» қойылымын ұсына. Облыстық Иса Байзақов атындағы филармония мен "Шаңырақ" орталығы шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен аймағымыздың әр аудан мен қалаларында Елордамыздың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өткізіледі. 6-шілде күні Павлодардың орталық алаңында жаңадан салынған амфитеатрда еліміздің және шет ел жұлдыздарының өнер көрсетуімен мерекелік концерттік бағдарлама жоспарланған. Барлық шаралар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, тамыз айында Астана қаласының «Жастар» театрында Ж. Аймауытов атындағы облыстық драма театры «Айман-Шолпан» қойылымын, маусым айында Елордамыздың М. Горький атындағы драмалық театрында А.П. Чехов атындағы облыстық театры «Крошка» қойылымын қоюды көздеп отыр. Бұдан басқа, облыстық көркемсурет музейінің «Хас санат» өнер галереясында көрме ұйымдастырылады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Астана 20 жыл, Алтын адам, рухани, мәдениет