Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

- 30-сәуірде Орталық алаңда Ұлыстың ұлы күні мерекесінің соңғы күні ауқымды түрде атап өтіледі. -   Биыл  да Наурыз 40 күн тойланатынын білесіздер. Көптеген шара өтеді. Көкшетауда қара жорға биін билеген жылқыны Павлодарда  тамашалай аласыздар.  Шабандоз жұрт алдында тегін өнер көрсетеді, - деп атап өтті Ардақ Райымбеков.

Еске салайық, 30-сәуірде Наурыз мерекесінің қорытындысы шығарылып, орталық алаңда 70 киіз үй орнатылады. Киіз үйлер  сегіз ауылға бөлінеді. Жетеуінде облыс тұрғындары мен қонақтарына тағамдардан дәм таратылады.

 Шағын сахналарада театрландырылған қойылымдар мен концерттер, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Орталық алаңда жас суретшілер мен шеберлердің ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрден сыр шертетін декоративті «Тайқазан», «Сәукеле», «Бөрік» сияқты инсталляциялар орнатылады.

Ең әдемі ұлттық киім киген павлодарлықтарға сыйлықтар ұсынылады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, рухани