Бұл туралы облыстық кітапхананың автоматизациялау бөлімінің басшысы Татьяна Филиппова хабарлады.

- «Шекарадағы кездесулер» web-ресурсы - бұл Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени және тарихи байланыстарын ашатын электрондық деректер қоры, - дейді бөлім басшысы. - Облыстық кітапхана қызметкерлері екі мемлекеттің ынтымақтастығы мен мәдени байланыстарына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы библиографиялық ақпараттарды жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жоба мазмұнды, пайдаланушыларға түсінікті және ыңғайлы интерфейспен жаңа форматта таныстырылған. Ресурсқа танымал ақын – жазушылардың, тарихшы мен өлкетанушылардың есімдері, сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде де шығармалары таралған Ертіс өңірінің қазіргі кездегі авторлары енгізілген.

Айта кетейік, іс - шара Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Ресейлік және қазақстандық кітапханалар, Павлодар облысының ОКЖ эфир қатысушылары болды.

Тұсаукесерге шығармашылық зиялы қауым, павлодарлық ақын – жазушылар, тарихшылар, өлкетанушылар, оқытушылар, мектеп кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Абзал Қабдраш
Суреттерді Татьяна Филиппова ұсынды

pavlodarnews.kz

Тэги: «Шекарадағы кездесулер», Web-ресурс, Павлодар, мәдениет, рухани