Байқау Майқайың кентіндегі туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы ұжымының ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталмыш балабақшаның меңгерушісі Тұрымтай Қорабаева байқаудың басты шарты тақырыпқа сай киім үлгісі екенін атап өтті.

- Сайысқа 17 балабақша мен шағын орталықтардан барлығы 34 бүлдіршін қатысты, - деді Тұрымтай Қорабаева. – Астананың мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсаты - жас балғындардың өз Отанын, туған жерін қадірлей білуіне ықпал жасап, патриоттық сана-сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, сахна мәдениетіне баулып, тәрбиеленуші жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау арқылы өнерге деген қызығушылықтарын ояту.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде балалар өздерін таныстырса, екінші кезеңде тақырыпқа сай ән немесе би өнерімен бақ сынасты. Одан кейін Астана туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Соңғы кезеңде елорданың мерейтойына орай тігілген киімдерін ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Мөлдір Кәкім бас жүлде иегері атанды.
Сонымен қатар, жүлдегер атанғандар мен қатысқан балғындардың барлығына ойыншықтар табысталды.

Оразбек Саяхат
Суреттер «Шағала» балабақшасымен ұсынылды

pavlodarnews.kz

Тэги: Баянауыл, балабақша, , мәдениет