Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басдиректоры Олег Перфилов айтты.

- 2021 жылға қарай қолданыстағы екі күл үйінділерінің орыны толады. Сол үшін аумағы 200 гектарды құрайтын үшінші арнайы орын салынуда. Шамамен жобалық сметалық құны 400 миллион теңгені құрайды. Барлық экологиялық талаптар ескерілген. Биыл жұмыстар басталып кетті. 2020 немесе 2021 жылға қарай ол толығымен іске қосылады.

Бас директордың айтуынша, Павлодардағы екі және Екібастұздағы бір күл үйіндісінің орындары үнемі басшылықтың жіті бақылауында. Өткен жылы екібастұздық ЖЭО-ның күл жинау орынының екінші секциясы салынды, үш жылу электр орталығының күл өткізгіштері жөнделді. Сондай-ақ, екінші кезектің дамбалары үлкейтілді.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам