Бұл туралы ҚазАқпарат  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық ауа ағындардыңы өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Қызылорда, түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 5 градусқа дейін үсік жүреді.

pavlodarnews.kz

Тэги: