Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД ЖПҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.

Осы жылдың 9 сәуірінде Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Ильинка кентінде яғни Қорғалжын тасжолы көшесі бойында белгіленбеген орында құрылыс қоқыстарын тастаған «Камаз» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1968 жылы туған А. есімді азамат ұсталды.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (72 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы 2018 жылдың басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарды шығарып, лас сұйықтықты төккен 156 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 3 млн 870 мың теңгеден астам.

pavlodarnews.kz

Тэги: