Облыстық кітапхананың автоматизациялау бөлімінің басшысы Татьяна Филиппованың айтуынша, павлодарлықтар арнайы QR-кодтардың көмегімен таңдалған кітаптың электрондық нұсқасын тегін жүктей алады.

- 4-сәуірден бастап Павлодар қаласының 16 трамвайында жеке QR-кодтары бар қазіргі заман авторларының және қазақ әдебиетінің классиктері - біртуар ақын – жазушылардың кітаптары берілген плакаттар орналастырылған, - дейді бөлім басшысы. – Бұл жоба С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлерімен 2016 жылы жасалып, іске асырылған. Жаңа әрі жылдам жаңартылып отыратын мобильді технологияларға сай болу және әртүрлі жастағы оқырмандарды кітапханалық қызметтерді пайдалануға тарту мақсатында облыстық кітапханада кітаптар мен авторларды насихаттау үшін инновациялық технология ретінде QR-кодтар белсенді түрде пайдаланылуда.

Айта кетейік, трамвай жолаушысы өзінің мобильді құрылғысының көмегімен ұнаған туындыны электронды нұсқада жүктей алады. Бұл үшін QR Code Reader немесе интернет – сайттардың басқа да тегін қосымшаларын пайдаланып, таңдалған кітаптағы QR-кодты сканерлеу қажет.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: QR-кітапхана, Павлодар, мәдениет, рухани