Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізуді жоспарлап отыр. Сәйкес құжат Конгрестің құжаттар базасында тұр. Санкциялар РФ-ның мемлекеттік қарызына байланысты қаржылық операцияларға тыйым салуды қарастырады. Бұл шектеулерге Центробанк, Ұлттық әл-ауқат қоры және Федералдық қазынашылықпен шығарылған құнды қағаздар де кіруі мүмкін. Санкциялар, сондай-ақ, ресейлік Жинақ банк, ВТБ, Мәскеу банкі, Ресей ауыл шаруашылық банкі, Өнеркәсіптік байланыс банкі және Сыртқы экономикалық банкке де қатысты болуы әбден мүмкін.

Шектеулер санкциялар қабылданған күннен бастап 60 күннен кешіктірілмей күшіне енуі тиіс. Жаңа санкциялардың енгізілуі Ұлыбританияда экс-барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипальдің улануына Ресейдің қатысы болу ықтималдылығынан туындап отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: