Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Біраз әріптестеріммен сөйлесіп, биыл «Ақпарат барысын» өтізетін болдық. Мүмкін журналистика күніне орайластырармыз. Әйтеуір, дайындалыңыздар. 20 миллион болады деп айта алмаймын. Бірақ, қомақты жүлде қоры боларын біле жүріңіздер. Оны Мәдениет және спорт министрлігі қолдап жатса, амандық болса өткіземіз», - деді Арман Шораев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылатын болса, қолдау көсретуге дайын екенін айтты.

Біз спорттың әр түрінен жарыс өткендігін кеңінен қолдаймыз. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы футболдан жарыс өтеді. Бірақ, журналистер көбіне бильярдтан жарыс өткенін жақсы көреді. Енді сіздер «Ақпарат барысы» керек десеңіздер министрліктер жан-жақты қолдау көрсететін болады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет белдесу күресінен «Халық барысы» республикалық турнирі 7-8 мамыр күндері Алматыда, ашық аспан аясында өтеді.

Бұл бәсекеге кез келген азамат қатыса алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: