Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.

- Аймақтағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық санаттарында жылқы саны өткен жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда 4,4%-ға, ірі қара мал 1,1%-ға, құстар – 14,9%-ға өсті. Ал, шошқа – 1,6%-ға, қой мен ешкі 7,6%-ға, түйе 11,4%-ға азайған. Ірі қара мал, жылқы басы санының ең жоғары үлес салмағы Баянауыл ауданында тіркелді, сәйкесінше облыстық көрсеткіш 15,4% болса, бұл ауданда 19,1%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Павлодар қаласында – 33%, қой мен ешкі Май ауданында - 17,8%, ал құс саны Шарбақты ауданында 26,6% шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы малы негізінен жұртшылық шаруашылықтарында орналасқан: қой мен ешкі 69,1%, ірі қара мал - 53,9%, жылқы - 44,1%, шошқа - 41,2%. Құс басы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған (жалпы санынан 65,6%).

2016 жылмен салыстырғанда мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта өндіру 9,3% көбейді. Сауылған сүт 1,8%, алынған жұмыртқа 23% өсті. Жүн өндірісі 0,9% азайды.

Фото: dalanews.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Мал шаруашылығы, экономика