Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша  әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметтер саласын бақылау басқармасының бас маманы Елеухан Ергенбаев  мәлім етті.

-  Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасынан «Әділет» ШҚ-ның басшысы Р. Ахметжанованың шағымы мен  Успен ауданы жер қатынастар бөлімінің басшысы  Андрей Смердовтың жер учаскелерін жалға алу бойынша келісімшарт жасаудың заңдылығына қатысты Успен ауданының прокуратурасы жүргізген сараптама қорытындысына сәйкес хат түскен.  2017 жылдың 25 қазанында конкурстық комиссия негізінде бөлім мен кәсіпкердің арасында келісімшарт жасалған. Осы құжатқа жер қатынастар бөлімі жаңа тармақша қосып, қосымша міндеттер жүктеген. Нәтижесінде шаруа қожалығының басшысы ауылдық әкімдікке ҚР Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамына арналған шараларды атап өтуге, №2 орта мектептке жаңа жылдық сыйлықтар сатып алып, аудандық мешітке демеушілік көмек көрсету керек болған. Бұған қоса, өз қажеттілігіне жем шөп дайындау кезінде артылғанын тұрғындарға таратуды тапсырған, - деді Елеухан Ергенбаев.

«Әділет» ШҚ-ның басшысы Р. Ахметжанова 2017 жылы  26 желтоқсанда келісімшартқа енгізілген тармақшаның қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында аудандық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

- Келісімшарт жасалмас бұрын кәсіпкердің жобасы мұқият тексерілді, - деді Андрей Смердов. - Қандай да бір ескерту мен шағым білдірмеді.  Енгізілген өзгерістерге қатысты ұсыныстар  айтылмады. Сотқа шағым түспеді. Мұның барлығы оның келіскенін білдіреді.

Алайда әдеп жөніндегі кеңес  мүшелерінің ойы Андрей Смердовтың пікірімен қайшы келді.

Жер қатынастар бөлімі жер учаскесін жалға алу бойынша 33 келісімшарт толтырған, оның 27-сінде прокуратура түрлі заң бұзушылықтарды анықтаған. Заңға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті жүзеге асыруға міндеттеуге, қайырымдылық шараларды жүзеге асыру кезінде   мемлекеттің араласуына жол берілмейді. 
Осыған байланысты жер қатынастар бөлімі мен жалға алушының арасында жасалған келісімшартта кәсіпкердің өзіне заңнама нормаларына қайшы келетін міндеттерді алғаны анықталған.

ҚР «Мәдениет» турлы заңның 9-бабына сәйкес бұқаралық мәдени шараларды өткізу ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асыруы тиіс.  Қаржыны Успен ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі алдын ала жоспарланған бюджеттік бағдарлама аясында бөледі. 

Андрей Смердов жер қатынастар бөлімінің басшысы лауазымында 2017 жылдың 25 тамызынан бастап жұмыс істейді.  Нәтижесінде  шенеунікке ҚР «Мемлекеттік қызмет  жөніндегі» заңның 50-бабы, 1-пункті, 11- тармақшасында қарастырылған құқық бұзушылық үшін «лауазымынан төмендету» ұсынылды.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, әдер жөніндегі кеңес, Успен ауданы