Стартап орталықтары бар университет өкілдеріне және стартапшыларға арналған тренингке  Smart Zholy бағдарламасының директоры Рашид Дүйсенбаев  қатысты.

- Бұл қазақстандық жас стартапшыларға халықаралық деңгейге шығуға көмектесетін бағдарлама, - деді Рашид Дүйсенбаев. – Бағдарлама «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы» қорының қолдауымен жасалды. Өткен жылы бірінші пилоттық кезең болды. Оған Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалалары қатысты. Биыл республиканың барлық өңірлерін қамтыды. Барлық облыс орталықтарында университеттердің базасында оқытушылар құрамы мен студенттерге арналып тренингтар өтуде. Павлодар ІТ стартапты дамытуда басмыдыққа ие. Мықты ІТ мамандары бар. Бірақ олар жайлы елімізді аз біледі. Олар жайлы көбісі білгенін қалаймыз. Сондықтан екінші жыл қатарынан Ертіс өңіріне келіп отырмыз. Бүгін ИнЕУ-де де тренинг өткіземін.

Рашид Дүйсенбаев еліміз бойынша 20 стартап жобасы іріктелетінін атап өтті.

- Қазір өтініштер беріледі, - деді бағдарлама директоры. – Арнайы комиссия 20 жобаны таңдап алады. Олар келесі аптада Астанаға барып, ол жерде Сингапурден арнайы шақырылған өкілдерден жобаны дұрыс құру, дамыту жөнінде кеңес алады. 20-сәуірде сингапурлық вентюрлық инвесторлардың алдында жобаларын қорғайды. Сол кезеңде бес жоба іріктеледі. Іріктелгендер маусым айында Сингапурдегі Оңтүстік-шығыс Азияның жеткіші стартап алаңында бастамаларын қорғайды.

Айта кетейік, Сингапурде стартапшыларға халықаралық деңгейдегі демеушілерден инвестиция алу мүмкіндігі бар.

Бағдарламаға ҚР 18-30 жас аралығындағы кез келген азаматы қатыса алады. 2-5 адамнан тұратын команданың кемінде бір өкілі ағылшын тілін меңгерген болуы керек. Сондай-ақ өтініш беру үшін presidentfoundation.kz сайтынан бағдарламаның шартын алып, өтінішті толтырып, 13-сәуірге дейін smartzholy@fpp.kz почтасына жолдауы қажет.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: