Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Зираттың аумағындағы 1500 шаршы метр құрғақ шөп жанып кеткен. Тілсіз жау сағат 13.25-те ауыздықталып, сағат 14.01-де толығымен сөндірілген. Зират  «Милосердие» қорына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Шығын келтірілмеген, - деді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.

№ 34 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш техника мен тоғыз адам жұмылдырылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:  pavon.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға өрт, ТЖД