-  10-сәуірден бастап ПИК, ЖШС, ЖК қызмет көрсетуші ұйымдарына 16 хабарлама  жіберілді. «Жемчужина» және «Орбита» ПИТК ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы бөлімі аулалардағы шағын архитектуралық нысандарды, балалар ойын алаңдарын, қоршауларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін күтіп сақтау және аулалардағы жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша ПИК өкілдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, абаттандыру және санитарлық тазалық айлығын өткізу аясында Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі барлық қызмет көрсетуші ұйымдарды өздеріне тиісті аумақтарын көріктендіруге белсенді түрде қатысуға шақырады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПИК