Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар «Шеп» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлын төлемегендер, көлік басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірмен жүргендер анықталуда.

«Өткізілген шараның жаңалығы бірі - жол ережесін бұзғаны автоматты жүйелерде тіркелген жүргізушілерге айыппұлын төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлігін мамандандырылған автотұраққа қоюға, сондай-ақ көліктің техникалық құжатын алып қоюға арқылы мәжбүрлеп орындату түріндегі шара қолданылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, айыппұлды келесідей жолмен тексеруге және төлеуге болады: egov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режімде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б.

 Сондай-ақ айппұлды төлеген соң түбіртекті WhatsApp арқылы 8-776-197-23-48 нөміріне жіберу (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі) керек. qamqor.gov.kz арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «өз айыппұлыңды тексер» бетіне өтесіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен түсірген ереже бұзушылық болған жағдайда сол жерден аталған фотоны шығарып алуға болады.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: