Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС алдағы көктемгі мерекелер қарсаңында «Көктемгі жылулық» акциясын бастағандығын хабарлады.

«12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде көктемгі кезеңде 4 теңгеге төмендеген және литріне 159 теңгені құрайды. АИ-92 бензині мұнай өнімінің ең танымал түрі болып табылады және компанияда аталған қадамды барлық қазақстандық автоәуесқой бағалайды деп үміттенеді», - делінген компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағармай құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тасжолдарда, сондай-ақ Қазақстанның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бензин бағасы түсуі мүмкін деген болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: